Тұрар Рысқұлов
Тұрар Рысқұлов Рысқұлұлы
26 желтоқсан 1894 – 8 ақпан 1938) – Түркістандағы түркі халықтары ұлт-азаттық қозғалысының көсемі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ірі ғалым, публицист, тарихшы, дипломат. Түркі халықтарының бірлігі мен тұтас Түркістан идеясы үшін күрес жүргізген біртуар тұлға. Түркістан халықтарының саяси құқықтары мен бостандығы, олардың сырттан ауып келген еуропалықтармен теңдігі және Шығыстағы революция мәселелері туралы келелі ой-пікір білдірген теоретик пен ойшыл. Коминтерннің Моңғолиядағы өкілі ретінде дипломатиялық әрі эмиссарлық қызмет атқарып, Моңғолияның тәуелсіз ел ретінде қалыптасуына ерен еңбек сіңірген елші. Оның қаламынан ондаған кітап-кітапша, 100-ден аса мақала шығып үлгерген екен.1937 жылдың мамыр айында Мәскеуде қамауға алынған. 1934 жылы құрылған «Бүкілодақтық біріккен орталықты» ұйымдастырушы деген айып тағылған. 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына ұшыраған. Алматыда ірі даңғылдардың бірі Рысқұлов есімімен аталады.
Made on
Tilda