Ауа кедергісіз шығатын және сөйлеудің әуезділігін қалыптастыратын дыбыстар. Олар жуан және жіңішке, ашық және қысаң, еріндік және езулік болып бөлінеді.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы (ас, орман, ұстаз, ыстық)
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е (ән, өрік, үй, ілім, ерке)
Ашық дауыстылар: а, ә, е, о, ө (ана, әпке, есік, орман, өлке)
Езулік дауыстылар: а, ә, е, ы, і (ана, әділ, есік, ыстық, ілім)
Еріндік дауыстылар: о, ө, ұ, ү (орман, өнер, ұстаз, үміт)
Қысаң дауыстылар: ұ, ү, ы, і (ұлт, үлкен, ыстық, ілім)